mobile menu Меню
Рубрики новостей

Шегірткеге қарсы күрес басталады print

03.06.2015 327 просмотров

Әйткенмен, облыс диқандары шегірткелерге қарсы күреске сақадай сай. Тобыл өңіріне 1 млн гектар алқапты улауға жетерлік препараттар әкелінді. Қажетті техникалар да дайын тұр, "Қостанай Таңы" сайтында айтылған.

-Таяу күндері өңірге 470 мың га жерді улауға арналған дәрінің тағы бір легі жетпек. Шегірткелер биыл, өткен жылғыға қарағанда, аз болады деп күтілуде. Алайда жәндіктер осы жолы өте ұсақ. Бұл, әрине, ірі зиянкестермен күрескеннен гөрі қиындау процесс болғалы тұр,- дейді ҚР АШМ облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Болат Мирманов.

Осыған байланысты облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов ауылдық округтер әкімдеріне және қожалық-серіктестік иелеріне алқаптардағы жағдайды жіті қадағалап отыруды тапсырды. Сондай-ақ оларға өңір басшысы шегірткелер келтірмек залал туралы алғашқы күдік пайда болысымен, уақытылы, аймақтық инспекция қызметкерлеріне хабарлауды міндеттеді. 
 

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей