mobile menu Меню
Рубрики новостей

Арманы асқақ – Аян ! print

01.08.2014 915 просмотров

Аян Үнді мемлекетіне барып “Алтын белгі” иесі атанып қайтты деген хабарды "Амангелды арайы" редакцияның ұжымы қуанышпен қарсы алды.

Қостанай қаласындағы Қазақ – Түрік лицейінің 10-сыныбын үздік тәмамдаған Қақанай Аян Қақанайұлы қазіргі таңда 4 мемлекеттің тілінде еркін сөйлейді. Атап айтсақ: қазақ, орыс, түрік, ағылшын.

Соңғы 4 жыл ішінде биология пәніне ерекше ден қойып ыждағаттылықпен дайындалып жүрген ол, 8-сыныпта аталмыш пән бойынша облыстық байқауда жүлделі 3-орын, республикалық олимпиадада 3-орыннан көрінеді. Ал, 9-сыныпта облыс, республикада 2-орын иеленді. 10-сынып оқитын Аян халықаралық биология пәні бойынша олимпиадаға Үнді мемлекетіне барып келді.Бұл байқау Үндістанның Амада институтында 12 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.Сайысқа 6 мемлекеттен 150 бала қатысып, соның 10-ы жүлделі орындар иеленген. Ал, біздің Аян бұл бәйгеде “Алтын белгі” төстігін қанжығаға байлап қайтты, қоржынын майлап қайтты.Осындай оның ерен ерлігіне 2014-2015 оқу жылы өтетін Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден босатылып, Қазақстанның кез-келген жоғары оқу орындарына өз қалауымен таңдап түсуіне грант берілген.

Аянның асыл арманы – әке жолын қуып, атағы әйгілі, адам денсаулығының сақшысы - оташы дәрігер болу. Жолың болып, талабыңа нұр жауып,туған Торғай тұғырын асқақтата бер деген тілектеміз!

Гүлім ЫСМАҒҰЛ

Жангелдин ауданы

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей