mobile menu Меню
Рубрики новостей

«Шертердің жырын шерткендер» print

10.06.2015 437 просмотров

Арқалықтағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында осындай атаумен "Шертер" ұлт — аспаптар ансамблінің өмірден өткен өнер қайраткерлерін еске алуға арналған тағылымды кеш өткізілді. Оған ансамблдің байырғы мүшелері, марқұм болғандардың ұрпақтары, жұбайлары, жақын жуықтары және өнер сүйер қауым қатысты, Қостанай Таңы сайтында айтылған.


Кешті "Шертердің" шекпенінен шыққан белгілі өнер майталманы, ҚР Мәдениет қайраткері О. Мұқатова жүргізді. ҚР Еңбек сіңірген Мәдениет және өнер қайраткерлері, "Шертер" ансамблінің байырғы мүшелері Т. Ізімова, Б. Сазабеков, ел ағалары Ж. Өмірбек, Ж. Ғапбасұлы, Ш. Байділдин, Қ. Нұрманов, С. Оташев, М. Тәшетовтер өнер майталмандарын зор тебіреніспен еске алып, қазақтан шыққан тұңғыш ұлт — аспаптар ансамблінің құрметіне ескерткіш орнату және олардың ізбасарларын даярлау сынды ұсыныстарын ортаға салды.
Ансамблдің негізін қалаушылардың бірі, белгілі өнер қайраткері Т. Елтебаевтың жұбайы Күнжамал Тоқайқызы елге алғысын білдіріп, қонақтарға естелік кітабын сыйға тартты.

Әсерлі кеште қайтпас сапарға аттанған өнер тарландарының орындауларындағы ән — күйлердің үнтаспалары тыңдалып, оны өнерлі жастар бүгінгі күнмен сабақтастырып отырды

В избранное
Нравится





Поделиться
Теги данной новости

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей