mobile menu Меню
Рубрики новостей

“Мен үшін айтыстағы жүлденің үлкені — халықтың ықыласы!” print

13.06.2015 337 просмотров

Әселхан Қалыбекова туралы сөз, "Қостанай Таңы" сайтында айтылған.

Талайды жырымен сусындатқан, айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова: «Әкем үнемі басқа балаларым бір төбе, Әселханым бір төбе. Осы қызым ақын болады, деп талантымды алғаш таныған еді» – дейді ақын. Суырыпсалмалық өнердің көш басында тұрған ақын бір сұхбатында «Біздер айтыстың жандануы үшін жанымызды салып еңбек еттік, тер төктік. Алдыңғы буын ағалармен қатар жүріп, солардан үйренгенімізді, кейінгі буын інілерге, сіңлілерге жалғадық. Бұл аманатты ендігі өсіп келе жатқан буынға жеткізу – бүгінгі айтыскерлердің міндеті», деп киелі өнердің қасиетін жастарға ұғындыру туралы айтқаны бар.

 «Қозатын өлең десе делебесі, мен ақын Ергөбектің немересі» деп ақын апамыз өзі жырлағандай атасы Ергөбектің сұрауына дер кезінде үн қосып, әлеуметтік қайшылықтарды жете жырлап, сол тақырыпта сындарлы сөз қалдырған сергек ойшыл ақын екендігі анық. Десек те Әселхан Қалыбекова өзін жазба ақын ретінде де мойындатып қойған, бұған дәлел «Отырар аспаны», «Басыңды тікпей бақ қайда», «Сырт­тап кеткен тамырлар», «Жыр шапағат» сол сияқты т.б. таңдамалы жинақтары қалың оқырманға жол тартқан.
 
“Мен үшін айтыстағы жүлденің үлкені — халықтың ықыласы!”

Өмір – күрес, ал Әселхан апамыз сол күрестің бел ортасында жүрген күрескер ақын. Әселханның айтыс өнерімен біте қайнасып кеткені соншалық, қалың қазақ Әселханды айтыстан, айтысты Әселханнан бөліп қарамайды. Әселхан апамыздың айтыстары осы күнге дейін ел аузында. Аңыздай болып кеткен айтыстары туралы ақын апамыздың өзі былай дейді.

«Есенқұлмен тағы мына Семейде айтысып отырмыз. Әкежан Қажыгелдиннің ол кезде премьер-министр болып тұрған кезі еді. Оның әкесі Семейдегі Абайдың тойын­да қазылар алқасының төрағасы болды. Содан бізге кәдімгі көп қысым көрсетіп, үйтіп айтыңдар, бүйтіп айтыңдар деп, білгішсінгендер көп болды. Соның өзінде біз Есенқұл екеуміз аналардың сөзін тыңдамай, тақырыптан көп шығып кетіп жырладық. Олар үкіметті, Президентті, Абайды мақта дейді. Еш сын айтпа дейді. Солармен ерегісіп, бұлардың финалына шықпасақ та айтайық деп, екеу­міз Семейде бір сағат айтысқанбыз. Сол айтыс­тың ішіндегі кереметі біздің айтыс болды. 

Сонда мен:

Опасыз елін сатқан қауымдайын.
Айтпадық біз кешеден ауыл жайын.
Ел жайы түзелуден кетті Есенқұл,
Сары ауру өтіп кеткен бауырдайын
Жоқты айтсаң құрисың деп, «Волга» тұр
Жаңа піскен қауындайын, – дедім. Көзді қызықтырып «Волга» береміз деген ғой.Сол айтыста Семейдің зиялы қауымы екеу­міздің бір сағаттық айтысымызды үнсіз, шыбынның ызыңын шығармай тыңдады. Бізде алдын ала келісіп алу деген болмапты. Тек Есенқұлға «жоқты, халықтың жайын айтпасаң құрисың» дегенім рас. Есенқұл сонда «Әселхан, менің де ішім күйіп барады. Сен айтшы, мен саған қосыламын» деп бірден азаматтық танытты. Алайда, өкінішке қарай, сол айтысымыз сақталмапты менде».

асельхан2.jpg

Әселхан осындай адам
Өлеңiнiң отымен халқын да, бала-шағасын да жылытып жүрген Әсел ақын:
Жүрекке сан жүк арттым,
Жантақ кешiп, жол қылдым.
Қара шашты ағарттым,
Қара көздi оңдырдым, – дейдi.

Ақын Мұхтар Құралов «Өнердiң ауыр жолына, Рельс қып жанды төседiң» десе, ақын Фариза «Мен айтысты Әселхан арқылы жақсы көрiп кеттiм» дейдi. Көпен  Әмiр-Бек «Сен айтыстың күймесiсiң» деп, «Бiр қарасаң – арыстандай айбарлым, Бiр қарасаң – қошақандай момыным» деп, хан қызындай Ханбибi жырға қосады. Ханбибi апамыз тағы да «Әнi сұлу, жаны сұлу болмаса, Патша кiмнiң сүйiп едi бетiнен?» дегендi де айтады.
 
Айтыстағы бір қайырым
“Нәресте еңбегіндей былқылдаған,
Қол жетті дәл бүгінгі шаққа осындай”
Қазағым не көрмеді бақ та ашылмай,
Айтатын алтын сөз бар ат басындай.
Нәресте еңбегіндей былқылдаған,
Қол жетті дәл бүгінгі шаққа осындай.
Күллі әлем біздің елге үңіліп тұр,
Еріген Самарханның көк тасындай.
Халайық Нұрекеңді хан көтерді,
 Апарып ордасына ақ шатырдай.
Маңдайы еш халықтың ашылмаған,
Өзінен туған ұлы таққа отырмай.
 

В избранное
Нравится





Поделиться
Теги данной новости

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей