mobile menu Меню
Рубрики новостей

Ресейде үш банк қазақстандық агрокомпанияның мүлкі үшін дауласуда print

31.05.2015 275 просмотров

Ресейде Сбербанк, Россельхозбанк және Royal bank of Scotland (RBS) қазақстандық «Иволга-Холдинг» агрокомпаниясының мүлкі үшін дауласып жатыр. Тиісті ақпарат төрелік соттың шешімдер картотекасында бар, деп хабарлады ТАСС.

RBS 2015 жылдың мамырында Челябі облысының төрелік сотына «Иволга» құрылымдарынан $296,6 млн көлеміндегі қарызды өтеу бойынша жүгінген. Несиелік желі 2007 жылы ашылған. Бұлшағым бойынша сот 38 млн. долларға Челябі, Курск, Орынбор облыстарындағы агрохолдингтің кәсіпорындарына тыйым салған

Россельхозбанк, «Иволга» борышын 139,4 млн рубльге бағалап отыр. Төрелік сотқа холдингтің басты «Иволга-Центр» компаниясынан және оның өндірістік активтерінен қарызды өндіру бойынша шағымданған.

Курск облысының төрелік соты «Иволга» құрылымдарына қатысты Сбербанктың жазған арызын да қарастырып жатыр. Сот «Сахар Золотухино» және «Золотухинское агрообъединение» кәсіпорындарында уақытша бақылау жүргізуде. Сбербанк алдындағы қарызының жалпы құны 1,1 млрд рубльді құрайды. Сбербанк соттан агрохолдингтің өзге де бірқатар құрылымдарын банкрот деп шешуін сұрады. Сбербанк Қазақстан азаматы Василий Самойлович Розиновқа қатысты да шағым жасады.

Қазақстандық «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры және иесі Василий Розинов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай адамдардың арасында 19 орында. Оның дәулеті $329 млн. бағаланды.

BELF консалтинг компаниясының басқарушы директоры Владислав Новоселов холдингтің Ресейдегі Челябі, Курск, Орынбор облыстарындағы жерін 550 мың га аумаққа бағалап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша компания Ресейде 2-орында.

Компания туралы ашық ақпарат жоқ. Өйткені оның ақпараттық саясаты жабық болып табылады.

Қазақстандық «Иволга-холдингтің» ресми сайты қалыпқа келтірілуде, Курск облысындағы құрылымның менеджментімен байланыс орнату әзірге мүмкін емес. Сбербанк пен Royal bank of Scotland ТАСС-тың активтерді сатып алатындар табылды ма деген сұрағына жауап бермеді.

Курск облысындағы компанияның қант өсіру бағытының даму мүмкіндіктері бар, деп атап өтті Союзроссахар басшысы Андрей Бодин. Оның пікірінше Қазақстанда орналасқан бас компанияның жағдайы мүшкіл.

Ресейлік «Иволга-Центр» құрылымына 40-тан астам кәсіпорын кіреді, делінген компанияның сайтында. Компания қызметінің негізгі бағыттары егіншілік, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және азық-түлік өндірісі. Оның құрамына Ан-2 15 ұшағы бар «АВИАХИМ» авиакомпаниясы кіреді.

В избранное
Нравится





Поделиться
Теги данной новости

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей