mobile menu Меню
Рубрики новостей

Қазақстанда жылына мерзімі өтіп кеткен азық-түліктің сатылу фактілері анықталады print

14.04.2015 306 просмотров

Қазақстанда жылына мерзімі өтіп кеткен азық-түліктің сатылу фактілері анықталады. Біздің ауданымызда да мерзімі өткен тауар сату азаймай тұр, толығырақ МАЯКonline сайтында.


Аудан тұрғынының бірі дүкендердің бірінен сатып алынған тауардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін бірден байқамаған. Мәселен, бізге шағымданған келіншектің қызы мектептен шығып, өзіне дүкеннен «мини круассаны» сатып алады. Сөйтіп, үйіне жеткенше бір-екеуін жеп те үлгіреді. Әлгі қыз үйіне барғанда ғана өнімнің көгергенін көрген анасы ашуға булығып, дәлел ретінде жаңағы «мини круассанды» редакциямызға алып келді. «Осындай жарамдылық мерзімі өткен тауардан уланып қалсақ, оған кім жауап береді? Тиісті құзырлы органдар қайда қарап отыр?» дейді ол.


Қоғамымызда дүкенге барғанда кез-келген тауардың жарамдылық мерзімін тексеруді әдетке айналдырып алған адамдар бар. Бірақ, көпшілік сатушының ар-ұяттылығы мен ұқыптылығына сеніп, әр тауардың заттаңбасына көңіл аудара бермейді. Шыны керек, осындай сапасыз тауарға тап болғандардың бірі үндемей-ақ лақтырып тастаса, енді бірі сол дүкенге барып, ақшасын қайтарады немесе тауарын ауыстырады. Дегенмен, «сен тимесең, мен тимеймін» деп жайбарақат жүрмей, мұндай жағдайдың орын алмауы үшін қажетті іс-шаралар жүргізіп, тиісті азаматтарды жауапқа тарту керек қой.


Алданған тұтынушы не істеу керек? Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Сәулегүл Аккушкарованың сөзіне сүйенсек, тауардың мерзімі өтіп кеткендігі жөнінде немесе басқа да бұзушылықтар туралы прокуратураға шағымдана аласыздар. Сіздің шағымыңыздың негізінде жоспардан тыс тексерілу жүргізіліп, құқықбұзушылық анықталған жағдайда сауда нүктесінің иесіне немесе сатушыға шара қолданылады. Тұтынушылар құқығын қорғау туралы ҚР заңнамасын бұзған кез-келген адам ҚР заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Былтыр жоспардан тыс тексеру кезінде ауданымыз бойынша жарамдылық мерзімі өткен тауарлардың бірнеше сатылу фактілері анықталған көрінеді. Ең қызығы, заң бойынша жеке кәсіпкер сауда нүктесінің тексерілетіні жайлы бір ай бұрын ақпараттандырылады. Кәсіпкер заңға сәйкес жауапқа тартылғанмен, оған қателерді түзету үшін белгілі бір уақыт беріледі. Айтпақшы, тауар сақтау талаптарына сәйкес сақталмаса да бұзылады. Тіпті, сусындар еденде тұрса, ол да белгіленген талапқа сай сақталмаған болып есептеледі. Сондықтан, сақ болыңыздар! Міндетті түрде тауарды сатып алғаныңызды растайтын чекті сақтаңыздар. Чексіз ештеңе де дәлелдей алмайсыз.

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей