mobile menu Меню
Рубрики новостей

Жоғары қадағалау органының төл мерекесі күні қарсаңында print

28.11.2014 673 просмотра

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығымен 6 желтоқсан - Прокуратура күні болып белгіленген.


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 24 ақпандағы №119ца санды бұйрығымен 6 желтоқсан күні - Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының құрылған күні болып белгіленді.


Бүгінгі таңда елімізде заңдардың билігі қамтамасыз етіліп, оны сақтау басты міндетке айналып отыр. Қай салада болсын заңдардың орындалуына қадағалау жасайтын прокуратура органдары адам құндылығын қорғау, оның конституциялық құқықтарын сақтауға ерекше назар аударады.

Қостанай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы да бұл бағытта өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруға күш салып келеді. Әсіресе, табиғат қорғау заңнамасына қатысты заң бұзушылықтарға жол бермеудің келелі міндеттерін ерекше назарда ұстайды.


Осылардың айғағы ретінде 2014 жылдың өткен мерзімінде табиғатты қорғау прокураурасымен табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаға келтірілген залалдар бойынша 143 млн. теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды.


Біз өзімізге жүктелген жауапкершілікті жете сезініп, қасиетті заңның сақталуына бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Өйткені, заң алдында барлығы тәуелді, ал, заңға деген құрмет қашан да биік тұруы керек.


Алдағы мерейлі мереке күні барша әріптестерімізді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, оларға және отбастарына амандық тілеп, ел мүддесі жолында мерейлі қызмет ете берсін демекпіз.


Қостанай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы.

В избранное
Нравится





Поделиться
Теги данной новости

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей