mobile menu Меню
Рубрики новостей

Қостанайда Победа алаңында арнайы техниканың көрсетілімі өтті print

02.06.2016 234 просмотра

Ұлы Отан соғысының ардагері, Ауған соғысының ардагері, дін иелерінің қызмет етушілері, Қостанай облысының қорғаныс істері бойынша департамент және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қызметкерлері жақсы тілектерін білдірді.

IMG_3313.JPG

Іс-шара барысында Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан шекара әскері әскери қызметшілерінің көрнекі орындаулары, заманауи әскери және арнайы техникалар көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай қаласының солтүстік өңірлік ұтқырлық жедел-құтқару жасағының арнайы техникалары және құтқарушылар қолданатын жабдықтар КамАЗ-КУНГ, «ТРЭКОЛ» вездеход-болотоход, «Пегас» әуе кемесі сонымен қатар апат-құтқару жабдықтары жиналғандардың қызығушылықтарын тудырды. Заманауи құтқару техникалар мен жабдықтар құтқарушылардың жерде және суда, ауа – райының түрлі жағдайларында, күндіз – түні апат – құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арналған.
Жиналғандарға сонымен бірге, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апат-құтқару жұмысы қызметінің өрт сөндірушілері қолданатын өрт сөндіру техникаларын, жабдықтар мен өрт сөндіру-техникалық қаруларын көрсетті. Жиналғандарды өртпен күресушілердің өрттерді сөндіру кезіндегі жауынгерлік киімімен, өрт сөндіру құралдарымен және тыныс алу аппараттарымен таныстырды.
Осы іс-шара өсіп келе жатқан ұрпақтарға әскери мамандықта дұрыс таңдау жасауларына мүмкіндік береді.

Қостанай облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс
басқармасының  аға офицері
подполковник Колосков А.

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей