mobile menu Меню
Рубрики новостей

Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында print

10.04.2015 368 просмотров

Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және халық арасында нөлдік шыдам ұстанымын өндіру – осы тақырыптарда жақын арада Алтырсарин ауданының тұрғындары әңгіме өрбітті. 


Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің бастамасы бойынша Силантьевка  ауылында мемлекеттік қызметкерлердің қоғаммен кездесуі өтті.

IMG_6034.JPG

Кездесуге «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жастар, бизнес өкілдері және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. 
Қостанай Департаментінен мемлекеттік қызмет өту бөлімінің басшысы Әсет Досекенов аталған тақырыпатардың барлығына жеке тоқтала сөз сойледі. 


Іс-шара жергілікті әкімдікпен бірлесе ұйымдастырылды. Департамент өкілінің сөз сөйлеуінен кейін тыңдаушылар мемлекеттік қызмет реформасы және жемқорлыққа қарсы саясаттың жүргізілуіне байланысты өз ойларымен бөлісті. Олардың айтуынша, бүгінгі күні ауыл тұрғындары заңдарды қажетті деңгейде меңгермеген, сондықтан олар артық қиындықтарға тап болады. Ауыл тұрғындары қажет анықтамалар үшін облыстық орталыққа барып жатады, алайда, соңында барлығын жергілікті деңгейде шешуге болатыны анықталады. 


Кездесу аясында мемлекеттік қызмет өту саласы бойынша және мемлекеттік қызметке орналасу барысында меритократия ұстанымдарын қадағалау бойынша мәселелер көтерілді. Досекенов жұмысқа қабылдау үдерістерінің барлығы таза, бүгінгі күні әрбір азамат тең құқыққа ие екендігін, әңгімелесулерде қоғам қайраткерлері, депутаттар, азаматтар қатарынан тәуелсіз бақылаушылар болатынын атап өтті. Сондықтан конкурстарға өзін шын мәнінде жақсы жақтарынан көрсете білген үміткерлер қатысады. 


 Қорытындылай келе, тыңдаушылар қиын мәселелерді де атап өтті. Олар ең бастысы жемқорлық құқық бұзушылық саласын, атап айтқанда заң бұзушылыққа не жатады? қажет болған жағдайда аталған мәселелерді қалай болдырмауға болады? деген сауалдар. Мамандар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанында әрбір азамат өзінің сұрағын қойып, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексінің  немесе заңды бұзушылық фактілері бойынша хабарласа алатын біріңғай байланыс орталығы 1494 жұмыс істейтіндігін атап өтті және Департамент пен оның аймақаралық бөлімдерімен байланысу жолдары туралы ақпарат ұсынылды. 


Мамандардың айтуынша, осындай кездесулер үнемі өткізіліп тұратын болады. Департамент келесі кездесуін Меңдіқара ауданында өткізеді. 

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей