mobile menu Меню
Рубрики новостей

Өңірдің басшысы Нұралы Садуақасовтың қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте Қостанай облысы Өңірлік кеңесінің мүшелері қостанайлық бизнесті тауардағы жергілікті қамтудың үлесін ұлғайтуға әрекет етуге түрткі болуды өздеріне міндет етіп қойды print

14.04.2015 272 просмотра

Өңірдің басшысы Нұралы Садуақасовтың қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте Қостанай облысы Өңірлік кеңесінің мүшелері қостанайлық бизнесті тауардағы жергілікті қамтудың үлесін ұлғайтуға әрекет етуге түрткі болуды өздеріне міндет етіп қойды, толығырақ Әулиекөл ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурста.

Осы тақырыпты талқылауға ықпал еткен себептер өзара байланысты. Біріншіден, өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындарының тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің көрсеткіші өте төмен — барлығы 0,3 %. Екіншіден, импорттық өнімге тұтынушылық сұранысты өршіткен және қостанайлық өндірушілерге шығын келтірген ресей рублі бағамының құлауы. 

Өңірлік кеңестің төрағасы Василий Розинов дағдарыстық жағдайдың  азық-түлік саласынанан өзге де салаларға қатысы бар екендігін белгіледі (жүргізілген шұғыл талдау жергілікті өнім сапасына халықтың жоғары ниеттестілігін көрсетті). Ол мысалға өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алмайтын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын келтірді. «Большевичка» Қостанай өндірістік кооперативі және «Жейде» тоқыма фабрикасы, оның айтуына қарағанда, тек күштік құрылымдарға мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға бағытталған және ішкі нарықты халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуге талпынбайды.

«Қырғызстанның осындай жағдайдағы кәсіпорындары қандай да бір амал тауып, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, өз өнімін экспортқа қайта бағдарлап, дағдарыстан шықты. Біздің нарықтарымыз жергілікті емес, арзан қырғыз тауарларына лық толы. Адамдар оның кейде күмән туғызатын сапасына қарамастан сатып алады. Бұл жазғыру емес, мен жеңіл өнеркәсібімізді төмендетуден аулақпын, алайда «бизнесті жаңа шешімдер ізденісіне «дүрліктіру» біздің мақсатымыз екенін - Василий Розинов белгіледі.

Белсендендіру құралдары ретінде бірнеше тетіктер ұсынылды. Мәселен, жігерді мемлекеттік емес стандарттарды әзірлеуге бағыттау, бұл шетел кәсіпорындарының сатып алу жүйесіне қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді. Ірі жер қойнауын пайдаланушылары және ұлттық компаниялары тарапынан отандық тауар өндірушілерінен сатып алу тәжірибесін жалғастыру. Азық-түлік өнімдерімен сатушы сөрелеріне тақталарды орналастырумен «Қазақстанда жасалған» акциясы құралын кеңейту. Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары тауарды жай жарнамалаудан басқа оның сапалық артықшылықтары туралы айтып, зор үлес қосуы тиіс.

«Барлық мүмкіндіктерді, оның ішінде зияткерлік мүмкіндіктерді қосу қажет. Егер өніміміз қандай да бір стандарттарға сәйкес келмесе және осы себептен біздің өзге кәсіпорындарымызбен сұранысқа ие болмаса – жаңарту қажет. Мәселе тек қана патриоттықта емес, сонымен қатар экономикада: бұл біздің жұмыс орындарымыз, біздің салығымыз. Сондықтан, жұмылдыру, ізденіс, жаңашылдық, батылдық – жағдайды өз ұтысымызға қарай бұру үшін бізге керегі осы», - деп белгіледі Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов.

Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды: облысымыздың құрылыс компаниялары таяудан бері Жітіқара ауданында өндіріліп келетін құрғақ қоспаларды сатып алып отыруға әзірлілігін танытты. Бүгінгі таңда облыс әкімдігі өңірімізде сатылатын арнайы тауарлар базасын және қазақстандық кәсіпорындар қатарынан ықтимал тұтынушылар тізімін әзірлеуде. Тізім кәсіпорындарға бір-бірін мүдделеуге мүмкіндік беруді ескеріп, құрастырылуда, осы арқылы қазақстандық мазмұн үлесін жоғарлатуда. Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы да осы жұмысқа атсалыса бастады.

В избранное
Нравится





Поделиться
Теги данной новости

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей