mobile menu Меню
Рубрики новостей

Еліміздегі тұрақтылық кепілі print

26.08.2015 340 просмотров

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Конституция – мемлекеттің, оның ішінде қоғамның тынысын, елдің қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам әрдайым заңсыз болған емес. Сондықтан азаматтар үшін маңызды заңның бірі - Конституция. Ол  азаматтарымыздың отаншылық сезімін күшейтеді. Қазақстан халқын біріктіретін де, құқықтарын қорғайтын да Ата Заңымыз.

Қазақстанның өз егемендігін нақты жүзеге асыруы Республикамыздың Жоғары Кеңесімен 1990 жылы 25 қазанда қабылданған тарихи үлкен маңыздылығы бар құжаты — Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясынан басталады.

1995 жылғы Конституциясы қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған осы Негізгі Заң шын мәнінде қоғамдық келісімге айналды, сол бойынша Үкімет Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзінің басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай орындау жауапкершілігін айқын сезінді.

Бүгінгі күні Қазақстан ішкі тұрақтылыққа жетті, әлеуметтік даму базасының сенімділігі қамтамасыз етілді, өңірдегі ең үздік экономиканы құрды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”.

Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата Заң Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады.

 Олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу.

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде  азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған.  Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi, Ата Заң құрылымына жасалатын талдау, оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi.

«Жалпы ережелер» деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасы  Конституциясының жоғары тұрғандығын арнайы мемлекеттік орган — Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi, толығырақ Наш Костанай сайтында.

 Конституцияның 74-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясына кереғар деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол қойылуға жатпайды.  Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi.

Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайтындығы көрсетілген.

Өркенді дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституциямызда Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы жазылған бапта Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және сақтау нақты  көрсетілген.

Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Біздің Ата Заңымыз — Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

В избранное
Нравится





Поделиться
Теги данной новости

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей