mobile menu Меню
Рубрики новостей

Торғайда обсерватория ашылды print

03.09.2015 327 просмотров

Торғай жерінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ашқан қара шаңырақ қазақ мектебіне былтырғы жылы 150 жыл толды. Осы мерейтойға арнайы Қамысты ауданының “Алтынсарино” ЖШС-нің директоры Борис Павлович Князов құны екі миллион теңге тұратын телескоп тарту еткен болатын. Ал, биылғы жаңа оқу жылының бірінші күнінде осы мектеп жанындағы обсерваторияның ашылу салтанаты өтті, толығырақ ҚТ сайтында.

Салтанатты жиынның құрметті қонақтары “Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы” мекемесінің басшысы Жанділдә Мақанов, сыйлықтың иесі Борис Князов және Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин ашылу лентасын қиды.

Борис Павлович алғаш Торғай өңіріне 1984 жылы келгенін және бұл өлкенің сұлу аспанын көріп тамсанғанын жасырмады. Аспан денелерін бақылаушы телескопты сыйға тартқандығының бірден бір себебі осы екендігін де айтты.

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Жанділдә Қожахметұлы мен Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Ахметбекұлы жаңа оқу жылында мектеп ұстаздары мен оқушыларына жаңа табыстар, шығармашылық шабыт, оқуда озат болуларына тілектестік білдірді.
 

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей