mobile menu Меню
Рубрики новостей

Лисаков қаласында жанар-жағармай материалдары қоймасында оқу- жаттығулар өтті print

19.11.2015 212 просмотров

2015 жылдың 18 қарашасы Лисаков қаласының өртке қарсы қызметі гарнизонының жеке құрамы Қостанай облыстық «Өрт сөндіруші» АҚФ бірлесіп «Өркен» ЖШС Лисаков филиалының жанар-жағармай материалдары қоймасында «Жеңіл жанатын және жағармай сұйықтықтары сақталатын резервуар парктеріндегі өртті сөндіру» тақырыбында өртке қарсы-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. 

Оқу-жаттығуларының мақсаты жанар-жағармай материалдары қоймаларында өртті сөндіру барысында, өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелері, авариялық-құтқару құрылымдары және ерікті өртке қарсы құрылымдар арасындағы қарым қатынас тәртібін реттеу болып табылады.

Тактикалық аңыз бойынша, жанар-жағармай материалдары қоймасында жұмыстарды жүргізу барысында, №2 тік болатты резервуарынан өрт шығады. Резервуардағы тілсіз жау әуе-бу қоспасының жарылуынан басталған. Жарылыс салдарынан қақпақ жарылып, әрі қарай жанар жағармай беті түгел өртенген. Төбе шатыры бұзылып және қордың қабырғасына бекітілген жерлерде ұсақ тесіктер пайда болып, сондай ақ шатырдың өзіндегі дәнекерлеу жапсарларында да пайда болған. Тесіктерден жеңіл жанатын сұйықтықтардың буы өртенуде.

Оқу жаттығулар барысында №3 жоғарғы шақырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Шартты өртті сөндіруге 1-ӨСАҚБ, «Өрт сөндіруші» АҚФ, 1 автоцистерна, 1 авариялық-құтқару автокөлігі және жеке құрамның 6 адам, газданқұтқару қызметі құрамынан – 4 адам және «Өркен» ЖШС медициналық қызметінен 2 адам, сонымен қатар Лисаков қаласындағы №18 МӨСБ құрамынан 3 автоцистерна, 1 автобаспалдақ және жеке құрамның 25 адамы қатысты. 

Оқу жаттығу барысында, барлық мақсат міндеттер толық көлемде орындалды.

                                         Қостанай облысы ТЖД Лисаков қаласының ТЖБ

учения.JPG

учения2.JPG

учения5.JPG

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей