mobile menu Меню
Рубрики новостей

Нурсултан Назарбаев: Семь достояний Независимости Казахстана print

15.12.2013 2533 просмотра

Выступление Предидента РК на торжественном собрании, посвященном Дню Независимости Республики Казахстан в Астане 14 декабря 2013 года, сообщает ИА «Zakon.kz»


 Қымбатты отандастар! 
 Құрметті қазақстандықтар! 

 Барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мереке – Тәуелсіздік күні – елімізге, әрбір азаматымызға құтты болсын! 

 22 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік. Бұл – ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күн. Бұл – ұрпақтарымыз ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына жол ашылған қастерлі күн. Бұл – тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтарған, тарихымызды түгендеп, тағдырымызды таңдаған ұлы күн. Тәуелсіздік – тәуекелі жеткендердің ғана пешенесіне бұйыратын бақыт. Бүгін Мәңгілік Еліміздің жаңа ғасырдағы жаңғыру жолы – «Қазақстан 2050» стратегиясы дүниеге келген күн. 

 Уважаемые казахстанцы! 

16 декабря 1991 года в созвездии наций мира зажглась новая звезда – Республика Казахстан. В этот день мы начали свой Казахстанский Путь. Мы реализовали великую миссию - стали первопроходцами Независимости. Время летит быстро. Сегодня то, что было сразу после рождения независимого Казахстана, это уже удаляющаяся в Вечность История. Об этом времени мы судим в сравнении с нынешними нашими великими достижениями. Двадцать два года назад мы только мечтали о том, что сможем поднять нашу экономику. А в этом году Казахстан вошел в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира.

 На заре Независимости мы не входили ни в какие мировые рейтинги. Наш международный рейтинг фактически был равен нулю. Когда в 2006 году я поставил задачу войти в «пятидесятку» конкурентоспособных стран мира, очень многие и в стране, и за рубежом скептически оценили этот шаг. Но факт остается фактом: мы всего за 7 лет решили эту задачу!

 Первое утро Независимости мы встретили с полным отсутствием собственных финансов, чтобы поддержать нашу молодую валюту. В нынешнем году мы отметили 20-летний юбилей казахстанского тенге. Успешно работает стабильная финансовая система. Растут совокупные международные резервы страны. Их объём уже скоро достигнет исторического рекорда в 100 миллиардов долларов. 

За эти годы мы выстроили эффективную региональную политику, сбалансировали темпы развития всех областей. В этом году впервые проведены выборы местных акимов. На выборах, в которых участвовали больше 7 тысяч кандидатов, маслихаты избрали почти две с половиной тысячи акимов городов районного значения, сел и аулов. Это 91% от общего числа акимов в стране. 

В первые дни Независимости многим было сложно представить, когда и как нам удастся решить болезненные социальные проблемы, которым, как тогда казалось, не было конца. 

Сегодня в Казахстане растёт качество благосостояния народа, в десятки раз выросли доходы людей. Простая цифра. С 2000 по 2013 годы казахстанцы совершили около 61 миллиона зарубежных деловых и туристических поездок по всему миру. За эти же годы нашу страну посетило около 46 миллионов зарубежных гостей. Это говорит, прежде всего, о возрастающем благополучии наших граждан и глобальном интересе к нашей Родине. Сегодня по программе «Болашак» казахстанцы обучаются в лучших ВУЗах 33-х странах мира. «Болашаковцев» - уже более 10 тысяч человек. По данным Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), в 2012 году 65 тысяч казахстанцев обучались в разных мировых университетах. Кроме «болашаковцев» это десятки тысяч молодых казахстанцев, которым обучение оплачивают родители. Всё это стало возможным благодаря росту благосостояния и возможностей казахстанцев.

 За последние 4 года, которые для мировой экономики были кризисными, мы подняли среднемесячную зарплату учителей почти в 2 раза. У нас за 22 года произошла настоящая автомобильная революция! Если в 1992 году легковых автомобилей у индивидуальных владельцев было 885 тысяч, то в 2013 году их количество составило 3 миллиона 600 тысяч. Это - рост в более чем в 4 раза. 

Двадцать два года назад Казахстану предрекали демографический спад. Но этот прогноз, как и многие другие мрачные, не оправдались. За годы Независимости в Казахстане родилось 6 миллионов 736 тысяч детей! Благодаря тому, что мы уделяем особое внимание подготовке врачей и, в целом, здравоохранению, только за 9 месяцев нынешнего года в Казахстане успешно проведено 40 тысяч различных операций на сердце. Из них порядка 10-ти тысяч на открытом сердце! Всё это делается бесплатно, а значит, за государственные деньги! Такого нет в странах мира! За эти годы по «Болашаку» подготовлено 560 квалифицированных врачей. И каждый из них лечит людей, консультирует, стажирует молодых специалистов. Всё это - конкретный результат двух десятилетий реализации плана по развитию здравоохранения, заботы о материнстве и детстве, пожилых людях. Самый главный результат – растет средняя продолжительность жизни, снизилась смертность, увеличивается население страны. Это основной и главный показатель, которым мы можем гордиться.

 Двадцать два года назад мы выбрали правильный вектор развития. Наш проект Великой Страны мы обосновали в Стратегии «Казахстан - 2030» и реализовали её досрочно, за полтора десятилетия. Независимость дала нам возможность смело смотреть в будущее, ясно видеть наши грядущие перспективы. Этот величайший дар мы сполна используем сейчас, решая исторические задачи Стратегии «Казахстан-2050». Перспектива 2050 года, которая наступит через 37 лет, сейчас кажется отдалённой, но это – вполне локальный промежуток времени. Мы преодолевали немало трудностей и время всегда было нашим союзником. Уверен – так будет всегда. 

 Қымбатты отандастар!

 Халқымыз үшін қашанда Жеті санының орны бөлек. Жеті ырыс, жеті қабат көк, жеті қазына: айта берсек жеті санына байланысты қасиетті ұғымдар өте көп. Еліміздің жаңа ғасырдағы басты бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады. Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз құн жетпес Жеті қазынаға ие болды. 

Бірінші қазына – Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Мәңгілік Еліміз. Біз шекарамызды шегендеп, іргемізді бекіттік, көршімен тату, алыспен сыйлас, ісі ілгері басқан жасампаз Ел болдық. Біздің мұратымыз – Мәңгілік Еліміздің асқақ болмысын аялап, 21 ғасырдың төріне оздыру. 

 Первое достояние. Наша священная и достойная страна – Мәңгілік Ел. Более четырнадцати тысяч километров бесспорных границ спаяли нашу Родину в единый монолит. Они стали рубежами добрососедства со всеми сопредельными странами. 

Екінші қазына – Ел бірлігі. Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Тыныштық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұтастық төрімізге озды. Барша этностар ел иесі – қазақ ұлтының маңына ұйысты. Тегі бөлек болғанмен тілегі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір тұтас халық болды. Бірлік, береке – біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болса еліміз тарих төрінен табылады.

 Независимость сплотила народ под единым шаныраком Ассамблеи - хранителя мира и согласия. Наше духовное единство – главный фундамент светского государства и общества. 

Үшінші қазына – тәуелсіздікпен бірге түлеген төл мәдениетіміз бен туған тіліміз. Азаттықпен бірге ұлттық рухымыз асқақтады, мәдениетіміз мәңгілік құндылыққа айналды. Ата дініміз оралып, ана тіліміз тұғырына қонды. Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі ғана емес, түркі әлемінің жетекші тілдерінің біріне айналып келеді. Аймақтарға сапарларымның бірінде Ассамблеяның қазақша еркін сөйлейтін бір өкілі: «Мен мемлекеттік тілді меңгерумен бірге 25-тен астам түркі тілдес халықтың мәдениетіне есік аштым» деген еді. Қазір қазақ тілін көрші елдерден өзге Әзірбайжан мен Армения, Беларусь, Польша, Мажарстан, Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің белді оқу орындарында оқытады. Бұл мемлекеттердің қатары жыл өткен сайын толығуда. Әйгілі Кембридж университетінде қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті туралы арнайы пән бар. Осының барлығы Қазақ тілін өзіміздің құрметтей бастауымыздың және оған қажеттілік күн санап арта түскенін көрсетеді. Мемлекеттің саясаты қазақ тілінің мәртебесін нығайтып, оның қолдану аясын кеңейте түсті. Ол отандық ақпарат құралдарының, мемлекеттік қызметтің, интернеттің, ғылым мен білімнің тіліне айналды. Оқушылар мен студенттердің басым көпшілігі қазақ тілінде білім алуда. Қазір барша қазақстандықтардың 70 проценті мемлекеттік тілді меңгерген. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, кеткенімізді келтірдік, кемдігімізді толтырдық. Көмбелерімізді аршып, тарихымызды түгелдедік. Қазақтың асқақ өнері мен бай мәдени мұрасы әлем халқының рухани байлығына қосылды. Төртінші қазына: индустриалды – инновациялық экономика. Индустриалық бағдарлама – біздің экономикамыздың болашағы. 

 Сегодня богатства нашей земли принадлежат и служат всему народу, создают условия для постоянного повышения народного благосостояния. По оценкам международных экспертов, в этом году Казахстан занял 19-е место в мировом рейтинге по управлению минеральными ресурсами. Мы хорошо усвоили уроки глобальных кризисов. В ХХI веке путь всех успешных наций определяют индустриальная мощь и инновации. Поэтому высокие результаты индустриально - инновационного развития – это главный вопрос экономической прочности Независимости Казахстана. Выполняя первую «пятилетку» индустриализации, мы построили 700 совершенно новых предприятий, на которых было создано более 200 тысяч рабочих мест. На это мы затратили 2 трлн 100 млрд тенге, но эти предприятия только в этому году выдали 2 трлн 300 млрд тенге. Таким образом, вложения уже окупаются.

 Бесінші қазына: Ұлттық байлығымыздың, әл-ауқатымыз бен әлеуетіміз түп негізі – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

 Общество Всеобщего Труда - первооснова национального богатства. Кропотливым трудом мы достигли всего, что сейчас имеют Казахстан и казахстанцы. Труд делает благородным каждого человека, а страны великими. Общество Всеобщего Труда – это наша казахстанская идея, выработанная в сложной работе по укреплению Независимости. 

Алтыншы қазына: еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің бойтұмары, әсем қаламыз – Астана. 

Сегодня Астана – это архитектурное воплощение государственной мощи. В её новых кварталах, площадях, парках и шедеврах зодчества, как в зеркале, отражается Великая История нашей Независимости. Поэтому любовь к Астане - это сыновнее чувство каждого казахстанца к нашей общей Родине – Республике Казахстан. Это альфа и омега Нового Казахстанского Патриотизма.

 Жетінші қазына: Қазақ елінің абыройын асқақтатып, бүкіл әлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша адамзаттық бастамалары.

С первых дней Независимости наша страна явила себя миру ответственной суверенной державой. Международное сообщество высоко ценит наши инициативы об укреплении глобальной ядерной безопасности, диалоге культур и религий. В нынешнем году Казахстан внёс свой вклад в достижение прорыва в переговорном процессе о ядерной программе Ирана. Два раунда многосторонних переговоров, прошедших в Алматы, во многом растопили лёд недоверия, что привело к договоренностям в Женеве. Астана ведёт подготовку к проведению Всемирной выставки ЭКСПО- 2017. Всё это непреходящее достояние нашей Независимости, её реальные плоды и перспективы. 

Жылға бергісіз күндер, ғасырға бергісіз жылдар болады. Біз үшін өткен 22 жыл дәл осындай кезең. Біз үйренетін ұлттан, үйрететін ұлтқа, жығуға емес, жығылмауға ұмтылатын елге айналдық. Бүгінгі ісімізге қарап ертеңгі ұрпақ бізге баға беретін болады. Осы Жеті Қазынамызды дәріптеп, дамыта білсек ұрпақ алдында жүзіміз жарқын, мерейіміз үстем болады.

 Біз «Қазақстан 2050» стратегиясының ұлы мақсаттарына ұмтылдық. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуға қадам бастық. Оған бізді адастырмай апаратын жалғыз ғана жарық жұлдызымыз – Темірқазығымыз бар. Ол – тәубе қылатын, тәу ететін біздің ұлы Тәуелсіздігіміз. Тәуелсіздік – жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кәусар бұлағымыз. Біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздіктің туын тігу бақыты мен оны баянды етіп, нығайту міндеті біздің маңдайымызға жазылды. 

 Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған мәңгілік Астанамызды тұрғыздық. Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес жылнама жаздық. Мәңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік Еліміздің келбеті сәнді, еңбегі мәнді болсын! Күллі халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймі.

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей