mobile menu Меню
Рубрики новостей

Түрік инвестициясы қаншалықты тиімді? print

09.06.2015 281 просмотр

Өңірімізге 5 күндік сапармен Түркияның ауыл шаруашылық техникаларын өндіретін Fimaks компаниясының басшылары келді. Нарықта 40 жыл бойы мал азығын егіп, жинаумен қатар, тыңайтқыш шашатын, шөп орайтын машиналарды шығарумен келе жатқан өнеркәсіп техникалары бүгінде әлемнің 85 мемлекетіне экспортталады.  Ендігі жерде Түрік компаниясы Қазақстанмен, соның ішінде біздің өңірімізбен әріптестік орнатуға ниетті екен. Делегация өкілдері өңіріміздің басшыларына жылы шырай танытып қарсы алғандарына алғыс айтып, компанияның бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды.


- ТМД елдерінің бірқатарымен бизнес саласында әріптеспіз. Ал Қазақстанға алғаш келуіміз. Біз ғаламтор арқылы Қостанай облысының даму көрсеткішімен, соның ішінде ауыл шаруашылық саласымен танысып алдық. Ендігі кезек, алдағы күндерде өңірдегі өндіріс орындарын көріп, өнеркәсіп салаларымен жан-жақты танысу жоспарымызда бар. Содан кейін қандай салаға инвестиция құямыз, соны сараламақпыз. Сол арқылы келісімдерге келеміз деп сенемін. Қалай болғанда да, жұмысымызды бір саладан бастауымыз керек қой. Егер компаниямыздың техникалары Қостанай өңірінде кеңінен саудаланып жатса, сіздермен неге әріптестік орнатпасқа.

ТУРКИ.jpg

Ихсан Юмлу мырза өздері өндіріп отырған ауыл шаруашылық машиналарының бағасы Еуропаның басқа елдеріндегі техникалардың бағасынан анағұрлым арзан екенін айтты. Сондай-ақ, мейман Қазақстанда газ бен жарықтың бағасы Түркиядан бірнеше есе арзан деді. Сол себепті, бұл өңірлерде құс өсіру бизнесін жандандыруға зор мүмкіндік бар.
Бүгінгі таңда Түркияда 18 млн. ірі қара мал бар екен.

ТУРКИ2.jpg

Өңір басшысы Нұралы Садуақасов алдағы жылдарда біздің облысымыздың да төл басын арттыруда ауыл шаруашылығы техникаларының рөлінің зор екенін атап өтті. Әкім шетелдіктерге алдағы уақыт мүмкіндік болып жатса, техникаларын әкеліп көрсетуді ұсынды. Сонымен қатар, өңіріміздің де делегациясы Кіші Азия түбегіне барып, Түрік елінің жай-күйімен танысып келуге болатынын айтты.

В избранное
Нравится





Поделиться

Комментарии

Для того чтобы оставить комментарий, Вам необходимо авторизироваться.


Комментариев пока нет.

полезные номера
Самое интересное, топ 5
день неделя месяц

Рассылка событий

Будь в курсе последних событий.
Новости “ИА ”ТоболИнфо”

Календарь новостей