«2023 жылдан бері түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді»: әкімдік «Алма+» компаниясының заңсыз әрекеті туралы

«Қостанай қаласының әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ өкілдері Ғ.Қайырбеков көшесінде көше жарықтандыру бағандарына орнатылған «Алма+» (Alma TV) компаниясының байланыс кабельдерін алып тастау жұмыстарының жүргізілгенін растады

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ғ.Қайырбеков көшесінің тұрғындары байланыс кабельдерін ескертусіз қиып кеткені жайлы редакцияға шағымданған болатын. Кейінірек «Алма+» компаниясының филиал басшысы Сергей Александрович мән-жайға біраз анықтама берген еді.

Ресми органның мәліметінше, «Алма+» (Alma TV) компаниясының талшықты-оптикалық байланыс желілерін аталған бағандарға орналастыруға арналған жалдау шарты жоқ. Осыған байланысты кабельдер заңнама талаптарына сәйкес алынуда.

«2023 жылдан бастап ТКШ бөлімі байланыс операторларымен көшені жарықтандыру тіректерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін өз бетінше орналастыруға жол берілмейтіні туралы жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Операторларға өз бетінше орналастырылған желілерді алып тастау және оларды көшені жарықтандыру тіректерінен бөлек, әуе немесе жерасты тәсілімен төсеуді ұйымдастыру қажеттігі туралы ескертілді. Тиісті ақпарат байланыс операторларына абоненттерінің мүдделерін ескере отырып, қажетті іс-шараларды ұйымдастыру үшін алдын ала жеткізілді» делінген ресми жауапта.

Кабельдерді демонтаждау жұмыстарын «МСервис КСТ» ЖШС атқаруда. Бұл шаралар қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға және инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіруге бағытталған, дейді жауапты мекеме өкілдері.

Аталмыш мәселеде құзырлы органның позициясы анық. Ал клиенттер алдында жауапты компанияның шартты міндеті қалай орындалмақ? Компания филиалының басшысы әкімдік ұсынып отырған альтернативті нұсқалардың қаржылай тиімсіздігі мен мүмкін еместігін алға тартады.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Суретті түсірген автор

Предыдущая запись
Следующая запись

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

Информационное агентство "ТоболИнфо"

Копирование и перепечатка материалов ограничена. 

Контакты редакции

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
+7 7142 54 62 46

+7 701 031 7231 (только WhatsApp)

Email: tobol.info.kz@gmail.com

Яндекс.Метрика

Партнеры

90427138_825661671272824_9056575525920702464_n

© 2026 все права на сайт защищены.