Қостанай облыстық мәслихатының сайлауы қарсаңында біз №14 сайлау округі бойынша кандидат, «Мирас» шаруа қожалығының басшысы Булат Жұмашұлы Қәрібаевпен әңгімелестік. Еңбек жолы, ауылдағы нақты шешімін тапқан мәселелер, мектептер мен ауруханаларды жаңғырту және алдағы бесжылдық жоспарлар туралы — біздің сұхбатымызда.
Мұғалімдіктен шаруашылық басшылығына дейін
— Булат Жұмашұлы, сізді өңір жұртшылығы іскер азамат әрі меценат ретінде жақсы таниды. Өзіңіз туралы және мінезіңізді қалыптастырған еңбек жолыңыз жайлы айтып берсеңіз.
— Мен 1966 жылы 4 шілдеде Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Обаған ауылында дүниеге келдім. 1988 жылы Қостанай педагогикалық институтын «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолымды Ленин ауданындағы Ершов орта мектебінде мұғалім болып бастадым. Кейін «Ершовский» кеңшарында малшы болып жұмыс істедім.
Ал 1997 жылы «Мирас» шаруа қожалығын аштым, содан бері осы шаруашылықты басқарып келемін. Отбасылымын, екі қызым бар. 30 жылға жуық ауыл шаруашылығында жүріп түсінгенім: ауылдың болашағы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, адамдардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен үшін жай ғана міндет емес, өмірлік ұстаным. Адамның өмір сүруіне және отбасын дамытуына лайықты жағдай жасалса, ол басқа жақтан бақыт іздемей, туған жерінде қалып еңбек етеді.
Жүйелі мәселелерге нақты жоспар
— Мәслихат сайлауына қандай басты міндеттермен бара жатырсыз? Бүгінде ауыл тұрғындарын не нәрсе көбірек толғандырады?
— Бүгінде облыс халқының 36%-ы ауылда тұрады, ал жұмыс істейтін халықтың 25%-ы аграрлық секторда еңбек етеді. Сондықтан менің басты мақсатым — ауылдың әлеуетін барынша ашып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Бірінші — ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі. Алдағы 5 жылда табысы жоғары майлы дақылдар егістігін ұлғайту, жаңа технологиялар енгізу, техника паркін жаңарту және пайдаланылмай жатқан жерлер мен жайылымдарды айналымға қосу қажет. Сондай-ақ Меңдіқара ауданының Каменскуральск ауылында және Қостанай ауданының Владимировка ауылында сүт-тауарлы фермалардың ашылуына ықпал ететін боламын.
Екінші — шағын және орта бизнесті қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуда «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңызы зор. 2029 жылға дейін облыста бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен шамамен 12,4 млрд теңге бағытталады. Мен жерлестеріме осы бағдарлама арқылы тиімді несие алып, өз ісін ашуға және жаңа жұмыс орындарын құруға жан-жақты қолдау көрсетемін.
Үшінші — ауылішілік жолдар. Сапалы жол — жай ғана қолайлылық емес, елді мекендердің дамуы мен әлеуметтік нысандардың қолжетімділігінің кепілі. Бюджеттен жол жөндеуге бөлінетін қаржыны кезең-кезеңімен көбейтуге күш саламын.
Депутаттық жұмыс нәтижесі: ауруханалар, мектептер және спорт
— Сіз VIII шақырылым депутаты ретінде 2023–2026 жылдары округ мүддесін қорғадыңыз. Осы уақыт ішінде қандай нақты жобаларды іске асыруға қол жеткіздіңіздер?
— Депутаттық топпен бірлесіп ауқымды жұмыс атқардық. Мәселен, медицина саласында ұзақ уақыт күш салудың нәтижесінде 2027 жылы Ұзынкөл орталық аудандық ауруханасының ғимаратын 1 052,3 млн теңгеге күрделі жөндеу жоспарланды. Ал Тобыл қаласында 2030 жылы облыстық аурухана салу, 2029 жылы Психикалық денсаулық орталығын 923 млн теңгеге жөндеу көзделген.
Сонымен қатар облыста 123 дәрігер жетіспейді (оның ішінде Меңдіқарада — 5, Ұзынкөлде — 2 маман). Кадр тапшылығын шешу үшін 2031 жылға дейін жас мамандарға баспана алуға және салуға Ұзынкөл ауданына 163,2 млн теңге, Меңдіқара ауданына 217,3 млн теңге, Қостанай ауданына 593,6 млн теңге несие бөлу қарастырылды.
Білім беру саласында да үлкен істер басталды. 2028 жылы Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында 12 045,1 млн теңгеге 1 200 орындық жаңа мектеп салынады. Бұдан бөлек, 2031 жылға дейін Ұзынкөлде 7 мектепті, Меңдіқарада 5 мектепті, Қостанай ауданында 8 мектепті ағымдағы жөндеуге қаржы бөлінді. Ал балабақшамен қамту көрсеткіші Ұзынкөл мен Меңдіқара аудандарында 100%-ға жетеді.
Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ: 2027 жылы Ұзынкөл ауылындағы өрт сөндіру депосын 380 млн теңгеге, ал 2028 жылы Тобыл қаласындағы депоны 75 млн теңгеге күрделі жөндеу жоспарға енді.
Болашаққа көзқарас: жаңа спорт кешені мен хоккей корты
— Алдағы жылдары өңірдің спорттық және әлеуметтік келбеті қалай өзгереді?
— Адамдардың денсаулығы спорт инфрақұрылымының қолжетімділігіне тікелей байланысты. Депутаттық қызметімнің нәтижесінде ірі спорт нысандарының құрылысын жоспарға енгіздік. Атап айтқанда, 2028 жылы Тобыл қаласында 26 426,4 млн теңгеге көпфункционалды спорт кешені салынады, ал 2029 жылы Меңдіқара ауданының Боровской ауылында 262,7 млн теңгеге жабық хоккей корты бой көтереді.
— Сайлау қарсаңында жерлестеріңізге айтар тілегіңіз қандай?
— Мен сайлауға басталған игі істерді аяғына дейін жеткізу және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешу үшін түсіп отырмын. Біз бірге белгіленген барлық жоспарды іске асырып, ауылдарымызды бұдан да көркейтіп, гүлдендіре алатынымызға сенімдімін!
— Сайлауда сәттілік тілей отырып, тұрғындарға Сіздің сайлауалды бағдарламаңызды ұсынамыз!
Сұхбатты жүргізген Ұлту ЖҮЗБАЙ,
сурет кандидаттың жеке қорынан
Құрметті сайлаушылар!
Мен Кәрібаев Булат Жұмашұлы, өз кандидатурамды ұсына отырып, облыстық мәслихат депутаты ретінде алдағы уақытта шешуге күш салатын бірқатар нақты міндеттерді айқындадым.
VIII сайланымның депутаты бола отырып, 2023–2026 жылдар аралығында өз округімнің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін белсенді түрде ілгерілеттім. Басталған істерге деген жауапкершілікті сезінемін және бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға дайынмын.
Мен басшылық ететін «Мирас» шаруа қожалығы Ұзынкөл ауданындағы Обаған ауылының негізгі шаруашылықтарының бірі болып табылады. Сондықтан елді мекеннің және жалпы Ұзынкөл ауданының дамуына атсалысуды өзімнің парызым деп санаймын.
Ел Президентінің Жолдауында да бұл мәселелерге ерекше мән беріліп, инфрақұрылымды дамыту мен азаматтарды қажетті әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету өмір сапасын арттырудың басты шарттары ретінде айқындалған. Мен үшін бұл, ең алдымен, жергілікті жердегі нақты жұмыс: отбасыларды баспанамен қамту, лайықты еңбек жағдайын жасау, медициналық көмектің қолжетімділігі және балаларға арналған сапалы білім.
Бүгінде облыс халқының 36%-ы ауылда тұрады, ал еңбекке қабілетті тұрғындардың 25%-ы аграрлық секторда еңбек етеді. Менің басты мақсатым — ауылдың әлеуетін барынша ашуға және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға жан-жақты ықпал ету.
- Білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
Өткен депутаттық шақырылымда әріптестеріммен бірлесіп, Қостанай ауданы Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында 1 200 орындық жаңа мектеп салуды жоспарға енгізуге қол жеткіздік. Жобаны 2028 жылы іске асыру көзделген, қаржыландыру көлемі — 12 045,1 млн теңге.
Сонымен қатар 2031 жылға дейін мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылған: Ұзынкөл ауданында — 7 мектепке (86,7 млн теңге), Меңдіқара ауданында — 5 мектепке (90,3 млн теңге), Қостанай ауданында — 8 мектепке (113,4 млн теңге). 2031 жылға қарай Ұзынкөл (қазір 97%) және Меңдіқара (99%) аудандары мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылады, ал Қостанай ауданында бұл көрсеткіш 96%-дан 98,2%-ға дейін артады.
- Денсаулық сақтау саласын дамыту
Депутаттық топ құрамында жүріп, Ұзынкөл орталық аудандық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге қаржы бөлдіруге ұзақ уақыт күш салдық. Соның нәтижесінде 2027 жылы аурухана ғимаратын 1 052,3 млн теңгеге қайта жаңғырту жоспарланды. Бұдан бөлек, Қостанай ауданының Тобыл қаласында 2030 жылы облыстық аурухана салу, ал 2029 жылы Психикалық денсаулық орталығын 923 млн теңгеге жөндеу көзделіп отыр.
Өңірдің медициналық мекемелерінде дәрігер мамандардың тапшылығы әлі де сезіледі: облыс бойынша 123 дәрігер жетіспейді, оның ішінде Меңдіқара ауданында — 5, Ұзынкөл ауданында — 2 маман тапшы. Кадр мәселесін шешу үшін 2031 жылға дейін жас мамандарға баспана салуға және сатып алуға несие беруге Ұзынкөл ауданында — 163,2 млн теңге, Меңдіқара ауданында — 217,3 млн теңге, Қостанай ауданында — 593,6 млн теңге қаражат қарастырылған.
Адамдардың денсаулығы спорт инфрақұрылымының қолжетімділігіне тікелей байланысты деп есептеймін. Депутаттық қызметімнің нақты нәтижесі ретінде 2028 жылы Тобыл қаласында 26 426,4 млн теңгеге көпфункционалды спорт кешенін салу, ал 2029 жылы Меңдіқара ауданының Боровской ауылында 262,7 млн теңгеге жабық хоккей кортын тұрғызу жобалары жоспарға енгізілді.
- Ауылішілік жолдарды жөндеу
Ауылішілік жолдардың жағдайы — өңірдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Сапалы жол — жай ғана жүріп-тұру қолайлылығы емес, елді мекендердің өркендеуінің, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі мен халықтың өмір сапасының маңызды шарты. Бұл бағытта бюджеттен жол жөндеуге бөлінетін қаржыны кезең-кезеңімен ұлғайтуға қол жеткізуді мақсат етемін. - Ауыл шаруашылығын өркендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласында табысы жоғары майлы дақылдардың егіс алқабын ұлғайтуды ынталандыру, жаңа технологияларды енгізу, машина-трактор паркін жаңарту қарқынын арттыру, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлер мен жайылымдарды айналымға қосу қажет. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында Меңдіқара (Каменскуральск ауылы) және Қостанай (Владимировка ауылы) аудандарында сүт-тауарлы фермалардың ашылуына барынша ықпал ететін боламын. - Шағын және орта бизнесті қолдау
Шағын және орта бизнес — экономиканы дамытудың және халықты өнімді жұмыспен қамтудың жетекші секторы. Бұл саланы ілгерілету үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетуге, тұрғындарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтуды кеңейтуге және әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға гранттар бөлуге жан-жақты жәрдемдесемін.
Мәселен, ауыл кәсіпкерлігін қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі — «Ауыл аманаты» бағдарламасы. 2029 жылға дейін Қостанай облысында бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен шамамен 12,4 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Мен жерлестерімді осы бағдарламаның мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандырып, оған қатысуына қолдау көрсетемін. Бұл — тиімді шарттармен қолжетімді қаржы алып, өз кәсібін ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге және ауылда жаңа жұмыс орындарын құруға берілген нақты мүмкіндік.
- Қауіпсіздік және халықты қорғау
Депутаттық топпен бірлесіп, 2027 жылы Ұзынкөл ауылындағы өрт сөндіру депосын 380 млн теңгеге, ал 2028 жылы Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы өрт сөндіру депосын 75 млн теңгеге күрделі жөндеуді жоспарға енгізуге қол жеткіздік. Бұл — алдағы уақытта жалғасын табатын ауқымды жұмыстың бір бағыты ғана.
Алдағы кезеңде де округ тұрғындарының қауіпсіздігіне, халықты әлеуметтік қолдауға, өмір сүру сапасын жақсартуға және елді толғандыратын түйткілді мәселелерді шешуге айрықша назар аударамын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен сайлауға басталған игі істерді жалғастыру, тұрғындарды толғандыратын мәселелердің оң шешілуіне қол жеткізу және халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру үшін бар күш-жігерімді салу мақсатында түсіп отырмын.
Біз бірге белгіленген жоспарларды толық іске асырып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп, ауылдарымызды бұдан да көркейтіп, гүлдендіре алатынымызға кәміл сенемін! «Жасампаз еңбекпен — туған өлкенің өркендеуіне!» тек жалаң ұран емес, бүгінгі алға қойған мақсатым мен болашақ бағытымның бағдаршамы! Сондықтан баршаңызды сайлауға қатысып, азаматтық борыштарыңызды орындап, таңдау жасауға шақырамын!
Сіздің дауысыңыз маңызды! «Әділет» партиясына дауыс бер!
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді
