Облыс әкімдігінің аппарат жұмысында үш сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды

Қостанай облысы әкімдігінің аппарат қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыланды. Зерттеу нәтижесінде үш тәуекел анықталған. Бұл ретте «қызыл аймаққа» жатқызылған тәуекелдер тіркелмеген.

Ішкі талдау барысында Аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттар, мемлекеттік сатып алу, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызмет көрсету, тәртіптік практика және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі зерделенген.

— Талдау нәтижесі бойынша кадрлық жұмыс пен мемлекеттік сатып алу салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Сатып алуларды зерделеу кезінде қаржылық бұзушылық фактілері тіркелмеді, — дейді облыс аппараты басшысының міндетін атқарушы Мақсат Маденов. — Мемлекеттік қызмет алуға өтініш беру кезінде цифрлық өтініш беру арналарының қайталануына байланысты тәуекел анықталды және аппараттың ішкі құжаттарынан қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді қажет ететін жекелеген ережелер анықталды. Олардың бір бөлігі талдау барысында түзетілсе, қалғандары бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Талдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін облыс Аппаратының интернет-ресурсында азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға және сарапшыларға ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар мен ескертулер жолдау ұсынылған. Алайда талдау кезеңінде ұсыныстар түспеген.

Қорытынды бойынша анықталған үш тәуекелді жою мақсатында облыс әкімдігінде арнайы іс-шаралар жоспары бекітілгені белгілі.

Талдамалық анықтама мен жоспар ресми интернет-ресурста жарияланды.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Предыдущая запись
Следующая запись

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

Информационное агентство "ТоболИнфо"

Копирование и перепечатка материалов ограничена. 

Контакты редакции

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
+7 7142 54 62 46

+7 701 031 7231

Email: tobol.info.kz@gmail.com

Яндекс.Метрика

Партнеры

90427138_825661671272824_9056575525920702464_n

© 2026 все права на сайт защищены.