«Ойымды дұрыс жеткізе алмаған шығармын»: Әдеп кеңесінде Алтынсарин ауданы білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс беру ұсынылды

Қостанай облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Алтынсарин ауданы білім бөлімінің басшысы Жангелді Ділдабаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды

Мәселе 2026 жылғы 9 шілдеде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау кезінде айтылған сөздерге байланысты болды. Тексеру барысында Алтынсарин ауданы білім бөлімінің басшысы әрі бизнес идеяларды қарастыру комиссиясының мүшесі Жангелді Ділдабаевтың үміткер Шариповтың жеке басы мен отбасына қатысты жағымсыз пікір білдіргені анықталған.

Атап айтқанда, комиссия отырысында білім бөлімінің басшысы «давно знаем, с ними не дружим больше», «семья такая, он сам такой» деген сөздер айтқан. Айыпты ол сөздерді айтқанын растап, өз сөзінің орынсыз болғанын мойындап, Шариповтан кешірім сұрағанын жеткізді.

— Мүмкін комиссия отырысы кезінде эмоция болған шығар. Ойымды басқаша жеткіземін деп дұрыс айтпаған шығармын. Болған іс болды. Мен Шариповтан кешірім сұрадым. Бұл жағдай маған болашақта сабақ болады, – деді ол.

Шу әлеуметтік желі арқылы көтерілген кезде білім бөлімінің басшысы өз еркімен комиссия мүшелігінен бас тартады. Артынша бизнес идеяларды қарастыратын комиссия мүшелері Шариповтың жобасын қайта қарастырып, грантты қолына ұстатады. Алтынсарин ауданының Свердлов ауылында тұратын бизнес идея иесі қазіргі таңда кондитерлік өнімдер, яғни тәттілер пісірумен айналысып жатқанын Жангелді Ділдабаев “ұзынқұлақтардан” естігенін жеткізді.

Ал Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ермек Күзембаев Ділдабаевтың осы уақытқа дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылмағанын айтты.

— Жангелді Серікпайұлы 2024 жылдың 14 ақпанынан бастап Алтынсарин ауданы білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Осы уақытқа дейін оған ешқандай тәртіптік жаза қолданылған жоқ. Жұмысына жалпы оң баға береміз. Өз қызметкерлеріне жақсы қарайды, жауапкершілігі жоғары, – деді Ермек Күзембаев.

Әдеп кеңесінде мемлекеттік қызметшінің кәсіби пікір білдіруге құқығы бар екені, алайда оның сөзі қызметтік әдеп талаптарына сай болуы тиіс екені атап өтілді. Кеңес мүшелері білім бөлімі басшысын үміткердің жеке қасиеттері мен отбасылық жағдайына қатысты айтқан сөздері бизнес жобаны бағалау өлшемдеріне жатпайтынын ескертті.

Істің барлық мән-жайын, Ділдабаевтың кешірім сұрағанын және бұған дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің басым бөлігі оған қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Ұлту ЖҮЗБАЙ

Суретті түсірген автор

Предыдущая запись
Следующая запись

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

Информационное агентство "ТоболИнфо"

Копирование и перепечатка материалов ограничена. 

Контакты редакции

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
+7 7142 54 62 46

+7 701 031 7231 (только WhatsApp)

Email: tobol.info.kz@gmail.com

Яндекс.Метрика

Партнеры

90427138_825661671272824_9056575525920702464_n

© 2026 все права на сайт защищены.