Кандидат в депутаты Житикаринского районного маслихата уже имеет опыт работы на этом поприще и готов снова служить родному району
Нурлан Зарлыкович в беседе с «ТоболИнфо» рассказал, почему вновь баллотируется в районный маслихат, что для него значит родной край, какие решения считает важными и над какими проблемами намерен работать дальше.
«Никогда не было мысли покинуть родной район»
— Вы родились в Милютинке, учились в Костанае, а затем вернулись работать в родной регион. Был ли момент, когда хотелось уехать и попробовать себя в другом месте?
— Мои родители родом из Житикаринского района. Я здесь родился, вырос и живу. Как говорится, где родился, там и пригодился. Никогда не было мысли покинуть родной район. Даже когда уезжаю в отпуск или командировку, всегда тороплюсь домой, в Житикару.
— Вы начинали карьеру обычным агрономом, работали в сельском хозяйстве, затем стали государственным служащим, акимом села, руководителем районного филиала партии и председателем маслихата. Какой этап оказался самым сложным и чему он вас научил?
— Когда меня назначили главным агрономом. Тогда директор сказал мне: «Как себя поставишь, покажешь себя, так и будет». Думаю, мне удалось завоевать авторитет. Например, ни один бригадир полеводческой бригады не выезжал на поле без моего ведома. Хотя поначалу я очень переживал. До этого работал рядовым агрономом, занимался семеноводством, был химиком. Теоретически многое знал, но практического опыта руководства такими процессами не хватало. Я боялся, что не справлюсь. Но смог преодолеть этот страх, и всё получилось.
«Помог человеку открыть своё дело»
— Вы много лет работали с людьми — сначала как аким села, затем в партии и маслихате. Вспомните обращение жителя или историю, которая особенно запомнилась. Удалось ли тогда помочь человеку?
— Когда я работал акимом села, действовала программа микрокредитования для жителей, которые хотели открыть собственное дело. Один человек собирался получить кредит, но оценщик оценил его имущество слишком дёшево. Я, будучи акимом, посадил его в машину и сам отвёз в Костанай, к другому оценщику. Тот оценил имущество в разы дороже. В результате человек смог получить более крупный кредит и открыть своё ИП.
— За время вашей работы председателем районного маслихата с 2023 по 2026 год какие решения или проекты считаете наиболее значимыми?
— Депутаты маслихата на местном уровне могут снижать налоговую нагрузку для предпринимателей. Житикаринский район был в числе первых, где ставку налога для специального налогового режима на основе упрощенной декларации на 2025 год снизили с 4 до 3%. Думаю, это действительно хорошее дело. К нам обращались предприниматели, просили об этом, и мы смогли принять такое решение.
— Почему вы снова решили баллотироваться в маслихат?
— Во-первых, мне нравится работать с людьми, вести живой диалог. Во-вторых, за время депутатской деятельности я научился разбираться в бюджете, а это немаловажно. Хочу и дальше участвовать в этой работе. И, конечно, хочется внести свой вклад в развитие родного города и района.
Медицинские кадры — одна из главных задач
— В предвыборной программе вы говорите о дорогах, освещении, тротуарах, ремонте школ и привлечении кадров. Если жители смогут назвать только одну проблему, которую нужно решить в первую очередь, какой вопрос вы готовы взять на себя?
— Все вопросы, которые поднимают избиратели, будем рассматривать и над ними работать. Они важны. Но если выбирать из перечисленного, то я бы выделил привлечение медицинских работников. Без них будет происходить отток населения, поэтому это одна из первостепенных задач. Медицинских кадров не хватает повсеместно, но мы будем активно работать над этим направлением.
В ближайшее время у нас должна открыться региональная больница, которая будет обслуживать Житикаринский, Камыстинский и Денисовский районы. В этом году уже отремонтировали старое здание поликлиники. Также построили отдельное здание для установки необходимого оборудования. В ближайшее время планируется установить ангиограф и МРТ. Думаю, если будет современное оборудование, появятся и специалисты, которые захотят к нам приехать.
«В сельское хозяйство нужно вкладываться»
— Вы много лет работали в сельском хозяйстве. Как человек с таким опытом оцениваете сегодняшнее положение сельских хозяйств района? Что мешает развитию фермерства и какую реальную поддержку, на ваш взгляд, могут обеспечить местные власти?
— В сельское хозяйство нужно вкладываться, если хочешь получить хороший результат. Необходимо вносить минеральные удобрения, покупать качественные элитные семена, обновлять технику. Важно развивать животноводство параллельно с растениеводством.
Местные власти в этом помогают. Например, содействуют в оформлении лизинга на сельскохозяйственную технику, приобретении удобрений, приглашают в район представителей финансовых институтов, проводят встречи с сельхозтоваропроизводителями, предоставляют земли из государственного фонда через конкурсы.
«Хочу видеть результат своей работы»
— Вы женаты, воспитываете троих детей. Как семья относится к вашей общественной и политической деятельности? Удаётся ли отделять работу от личной жизни?
— Семья относится к моей деятельности с пониманием и в целом положительно. Как говорится, за калиткой я остаюсь на работе, а дома становлюсь заботливым отцом.
— Что для вас значит работа депутата? По каким конкретным изменениям в Житикаринском районе вы хотели бы понять, что это время прошло не зря? Что хотели бы оставить после себя?
— Моя работа в маслихате — это представление интересов местного населения и продвижение вопросов, с которыми они обращаются. В этом и заключается работа народного депутата. Если я поднимал вопросы избирателей на сессиях и добивался результатов, если не просто просиживал штаны, а активно участвовал в благоустройстве и развитии родного края, то это уже будет означать, что время прошло не зря. Самое главное — видеть реальные результаты своей депутатской деятельности.
Среди приоритетов Нурлана Уразалинова — ремонт дорог, школ и тротуаров, уличное освещение с переходом на энергосберегающие лампы, благоустройство и озеленение населённых пунктов. Также он намерен содействовать развитию фермерских хозяйств и предпринимательства, укреплению здоровья населения и привлечению в район врачей и среднего медицинского персонала.
Материал подготовила Татьяна ФАЙЛЬ, фото предоставлено кандидатом
Оплачено из средств республиканского бюджета
Агрономнан мәслихат төрағасына дейін: Нұрлан Уразалинов Жітіқара ауданының дамуы туралы
Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың бұл салада тәжірибесі бар және ол туған ауданына қайтадан қызмет етуге дайын.
Нұрлан Зарлыкович «ТоболИнфо» басылымына берген сұхбатында неліктен аудандық мәслихат депутаттығына қайта үміткер болып отырғанын, туған жерінің өзі үшін нені білдіретінін, қандай шешімдерді маңызды санайтынын және алдағы уақытта қандай мәселелерді шешуге күш салатынын айтып берді.
«Туған ауданымнан кету туралы ешқашан ойлаған емеспін»
– Сіз Милютинка ауылында дүниеге келдіңіз, Қостанайда оқыдыңыз, кейін туған өңіріңізге жұмыс істеуге оралдыңыз. Бір кездері басқа жаққа көшіп, өзіңізді өзге жерде сынап көргіңіз келген сәт болды ма?
– Ата-анам Жітіқара ауданынан. Өзім де осында туып-өстім, осы жерде тұрамын. «Қай жерде тудың, сол жерде керегіңе жара» деген сөз бар ғой. Туған ауданымнан кету туралы ешқашан ойлаған емеспін. Тіпті демалысқа немесе іссапарға шықсам да, үйге, Жітіқараға тезірек оралуға асығамын.
– Еңбек жолыңызды қатардағы агроном болып бастадыңыз, ауыл шаруашылығында жұмыс істедіңіз. Кейін мемлекеттік қызметші, ауыл әкімі, партияның аудандық филиалының жетекшісі және мәслихат төрағасы болдыңыз. Осы кезеңдердің қайсысы ең қиын болды және ол сізге не үйретті?
– Мені бас агроном етіп тағайындағанда директорым: «Өзіңді қалай көрсете алсаң, жұмысың да соған қарай бағаланады», – деді. Меніңше, өзіме деген сенім мен бедел қалыптастыра алдым. Мысалы, егіншілік бригадасының бірде-бір бригадирі менің рұқсатымсыз алқапқа шықпайтын. Әрине, алғашында қатты қобалжыдым. Оған дейін қатардағы агроном болып жұмыс істедім, тұқым шаруашылығымен айналыстым, химик те болдым. Теориялық білімім болғанымен, мұндай процестерді басқаруда тәжірибем аз еді. Қолымнан келмей қала ма деп қорықтым. Бірақ бұл қорқынышты жеңіп, жұмысты алып кете алдым.
«Бір адамға өз кәсібін ашуға көмектестім»
– Сіз ұзақ жылдар бойы халықпен жұмыс істедіңіз. Алдымен ауыл әкімі болдыңыз, кейін партия мен мәслихатта қызмет атқардыңыз. Есіңізде ерекше сақталған бір өтініш немесе оқиға туралы айтып беріңізші. Сол кезде адамға көмектесе алдыңыз ба?
– Ауыл әкімі болып жұмыс істеген кезімде өз ісін ашқысы келетін тұрғындарға арналған шағын несие беру бағдарламасы болды. Бір азамат несие алмақшы еді, бірақ бағалаушы кепілге қоятын мүлкін тым төмен бағалады. Сол кезде ауыл әкімі ретінде оны көлігіме отырғызып, өзім Қостанайға, басқа бағалаушыға апардым. Ол мүлікті бірнеше есе қымбат бағалады. Соның арқасында азамат көбірек несие алып, жеке кәсіпкерлігін ашты.
– 2023–2026 жылдары аудандық мәслихат төрағасы болған кезеңде қандай шешімдер мен жобаларды ең маңызды деп санайсыз?
– Мәслихат депутаттары жергілікті деңгейде кәсіпкерлерге түсетін салық жүктемесін азайта алады. Жітіқара ауданы 2025 жылға арналған оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендеткен алғашқы аудандардың қатарында болды. Меніңше, бұл – шынымен де жақсы бастама. Кәсіпкерлер бізге осы өтінішпен жүгінді, біз олардың ұсынысын қолдап, тиісті шешім қабылдадық.
– Неліктен мәслихат депутаттығына қайтадан үміткер болуға шешім қабылдадыңыз?
– Біріншіден, адамдармен жұмыс істеген, олармен тікелей сөйлескен ұнайды. Екіншіден, депутаттық қызмет барысында бюджетті түсінуді үйрендім. Бұл да өте маңызды. Осы жұмысқа әрі қарай да қатысқым келеді. Әрине, туған қалам мен ауданның дамуына өз үлесімді қосқым келеді.
Медицина мамандарын тарту – басты міндеттердің бірі
– Сайлауалды бағдарламаңызда жолдар, көше жарығы, тротуарлар, мектептерді жөндеу және мамандар тарту мәселелері қамтылған. Егер тұрғындар ең алдымен шешілуі тиіс бір ғана мәселені атаса, қай бағытты өз жауапкершілігіңізге алуға дайынсыз?
– Сайлаушылар көтерген барлық мәселені қарастырып, оларды шешу бағытында жұмыс істейміз. Олардың бәрі маңызды. Дегенмен аталған мәселелердің ішінен медицина қызметкерлерін тартуды ерекше атап өтер едім. Медицина мамандары болмаса, халықтың басқа жаққа көшуі күшейеді. Сондықтан бұл – бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Медицина кадрлары барлық жерде жетіспейді, бірақ біз осы бағытта белсенді жұмыс істейміз. Жақын уақытта Жітіқара, Қамысты және Денисов аудандарына қызмет көрсететін өңірлік аурухана ашылуы тиіс. Биыл емхананың ескі ғимараты жөндеуден өтті. Сондай-ақ қажетті жабдықтарды орнату үшін жеке ғимарат салынды. Жақын уақытта ангиограф пен МРТ аппаратын орнату жоспарланып отыр. Меніңше, заманауи жабдықтар болса, бізге жұмыс істеуге келетін мамандар да табылады.
«Ауыл шаруашылығына инвестиция салу қажет»
– Сіз ауыл шаруашылығы саласында көп жыл жұмыс істедіңіз. Осындай тәжірибесі бар маман ретінде ауданның бүгінгі ауыл шаруашылығының жағдайын қалай бағалайсыз? Фермерліктің дамуына не кедергі және жергілікті билік қандай нақты қолдау көрсете алады?
– Жақсы нәтижеге қол жеткізгің келсе, ауыл шаруашылығына қаржы салу қажет. Минералды тыңайтқыштар енгізіп, сапалы элиталық тұқым сатып алып, техниканы жаңарту керек. Мал шаруашылығын өсімдік шаруашылығымен қатар дамыту да маңызды. Жергілікті билік бұл бағытта көмектесіп келеді. Мәселен, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке рәсімдеуге, тыңайтқыш сатып алуға жәрдемдеседі. Ауданға қаржы институттарының өкілдерін шақырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесулер өткізеді. Сондай-ақ мемлекеттік жер қорындағы жерлерді конкурстар арқылы береді.
«Еңбегімнің нақты нәтижесін көргім келеді»
– Сіз үйленгенсіз, үш бала тәрбиелеп отырсыз. Отбасыңыз қоғамдық және саяси қызметіңізге қалай қарайды? Жұмыс пен жеке өмірді ажырата аласыз ба?
– Отбасым менің жұмысыма түсіністікпен қарайды, жалпы қолдайды. «Қақпадан шыққан соң – жұмыстамын, ал үйге келгенде қамқор әке боламын» дегендей.
– Депутаттың жұмысы сіз үшін нені білдіреді? Жітіқара ауданындағы қандай нақты өзгерістерге қарап, осы уақытты босқа өткізбегеніңізді түсінер едіңіз? Артыңыздан қандай із қалдырғыңыз келеді?
– Менің мәслихаттағы жұмысым – жергілікті тұрғындардың мүддесін білдіру және олар көтерген мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Халық депутатының міндеті де осы. Егер мен сессияларда сайлаушылардың мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне қол жеткізсем, жай ғана уақыт өткізбей, туған өлкемнің абаттануы мен дамуына белсенді үлес қоссам, онда бұл уақытымның босқа өтпегені. Ең бастысы – депутаттық қызметімнің нақты нәтижесін көру.
Нұрлан Уразалиновтың негізгі басымдықтары – жолдарды, мектептер мен тротуарларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және энергия үнемдейтін шамдарға көшу, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру. Сонымен қатар ол шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың денсаулығын нығайтуға, ауданға дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін тартуға жәрдемдесуді көздейді.
Материалды дайындаған: Татьяна ФАЙЛЬ, фотосуретті кандидат ұсынды
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді
