Тоты Айтмағамбетова: «Ел мүддесі – бәрінен биік!»

Саналы ғұмырын білім беру, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық-ағартушылық жұмыстарға арнаған, Қостанай қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер, гуманитарлық ғылымдар магистрі Тоты Айтмағамбетованың сайлауалды бағдарламасын ұсынамыз.

 Руханият, білім және әділдік: Болашаққа бағытталған бағдарлама

Мен Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы, 1974 жылы 26 желтоқсанда қасиетті Жангелді өңірінің Торғай ауылында дүниеге келдім. Өз саналы ғұмырымды ұрпақ тәрбиесіне, білім мен тіл саясатын дамытуға және қоғамдық-ағартушылық істерге арнадым. Филолог мамандығы мен гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі маған адамдармен тіл табысудың, қоғамдағы өзекті мәселелерді жүрекпен сезінудің үлкен мектебі болды.

Кәсіби жолымдағы әрбір қадам маған ашық диалогтың, халықпен кері байланыстың және әрбір мәселенің артында нақты шешім тұруы тиіс екенін ұғындырды. Азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдай білу және оларға қолдау көрсету – мен үшін қашанда басты орында.

Менің ұстанымым мен алға қойған бағдарламам «Әділет» партиясының негізгі құндылықтары мен басымдықтарына сүйенеді. Біздің басты назарымызда тек мәселелерді шешу ғана емес, сонымен қатар рухани-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, еңбек адамының мәртебесін көтеру, жас буынға сапалы білім мен кең мүмкіндіктер ашу, туған жерімізді өркендету тұр.

Менің міндеттемелерім нақты мақсаттар, нысандар мен мерзімдерге негізделген. Алға қойылған жобалардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетке енуіне тікелей қол жеткізіп, қабылданған әрбір шешімнің орындалуын қатаң бақылауда ұстаймын. Тұрғындар алдында әрдайым ашық әрі адал есеп беру – менің басты қағидам.

Депутаттық жұмыстың басты нәтижесі мен үшін әрбір тұрғынның өміріндегі нақты оң өзгерістер болмақ.

Туған өлкенің жарқын болашағы үшін бірлесіп еңбек етейік!

Құрметпен,

Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. САПАЛЫ ӨМІР ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

Әрбір қостанайлықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрғындардың күнделікті әлеуметтік сұраныстары мен өзекті қажеттіліктерін шешуге бағытталған тиімді қалалық жобалар мен бастамаларды көтеру және жүзеге асыру.

  1. КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау, оларға көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қолдау шараларын сапалы түрде қамтамасыз ету.

  1. ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ

Қалаішілік аумақтарды абаттандыру, заманауи әрі жайлы орта қалыптастыру жұмыстарына жастардың әлеуетін жұмылдыру. Жастардың бастамаларын, қоғамдық жобаларын жан-жақты қолдап, қала өміріне белсенді түрде тарту.

  1. ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ОРТА КЕПІЛІ

Қалада заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстау. Құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардың жарықтандырылуын жақсарту және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды қолдау.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылықты арттыру. Тұрғындар үшін қолжетімді ауызекі қазақ тілі клубтарының жұмысын ұйымдастыруға және тілдік орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

  1. АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ САЙЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сайлаушылардың тапсырмалары, өтініштері мен аманаттарын жүйелі түрде қарап, шешілуін қадағалау. Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілер мен цифрлық алаңдарда үнемі байланыста болу.

Сіздің пікіріңіз – мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Суретті түсірген Лариса БОЖКО

Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді

Предыдущая запись
Следующая запись

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

Информационное агентство "ТоболИнфо"

Копирование и перепечатка материалов ограничена. 

Контакты редакции

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
+7 7142 54 62 46

+7 701 031 7231 (только WhatsApp)

Email: tobol.info.kz@gmail.com

Яндекс.Метрика

Партнеры

90427138_825661671272824_9056575525920702464_n

© 2026 все права на сайт защищены.