Қостанай облысы Амангелді ауылында қардың күрт еруі салдарынан су басу басталды
Су Сейфуллин және Дулатов көшелерін басып, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге қиындық тудыруда. Біздің редакциямызға тұрғындардан түрлі бейнежазбалар келуде.
Тұрғындардың айтуынша, су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр. Кейбір жерлерде аулаларға дейін жетіп, халықтың алаңдаушылығын тудырып отыр. Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлағанымен, еріген қар суының көлемі алдыңғы күндермен салыстырғанда едәуір артқан.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Амангелдіде су тасқыны салдарынан бірнеше тұрғын үй су астында қалған болатын. Сол кезде орталық көшелердің бірі – Сейфуллин көшесі толығымен су астында қалып, бұл екі мектептің оқушылары мен мұғалімдерінің жүріп-тұруын қиындатты.
Билік қандай шаралар қабылдап жатыр?
Жергілікті тұрғындар су тасқынын болдырмау және келтірілген зиянды азайту үшін қандай шаралар қолға алынатынына алаңдаулы. Әзірге ресми органдар толыққанды мәлімдеме жасаған жоқ.
Айя ЖАРЫЛКАСЫНОВА