Есіміңде жылылықтың лебі ескен,
Даласында мейірімнің гүлі өскен.
Жастығымның куәсі боп келесің,
Қостанайым арманыммен үндескен.
Сен білесің арманым асқақтығын,
Сенде шыққан айбарлы асқақ үнім.
Студент боп жаңа есікті қаққанда,
Сенім сыйлап, басылған жасқақтығым.
Қалалардан оқ бойы озық болып
Бидайыңды халқыңа азық қылып.
Таза қала атандың елімізде
Басқаларды сәнінмен қызықтырып.
Ғимараттар бой түзеп ең сәулетті,
Қала болар бұйырса кең дәулетті.
Осындай қала берген Тәңіріне
Балаң сенің шүкір деп тәубе етті.
Асқақтасын аты мәшһүр қаламыз,
Бидайыңа тола берсін даламыз.
Күннен күнге өркендесек егер біз,
Түптің түбі мегаполис болармыз.
Хақ Тағалам жеткізсе егер сол күнге,
Қуаныштан көздің жасын алармыз!
Один комментарий
Ботакөз апай
Данияр Толқын студиясының атынан сəттілік тілеймін. Жазарың көп болсын.