«Сүйікті қалам – Қостанайым!»
Қостанай ару қала құшағы кең,
Жүрегі оттай ыстық күнменен тең.
Бауырмал қаламыздың халқы қандай,
Қарсы алған қонақтарын ақ пейілмен.
Әсем қала көздің жауын алатындай,
Мәңгілік көкрегіңде қалатындай.
Мейлі сен, мейлі сенбе досым маған,
Жаһанда жоқ сияқты қала мұндай.
Ғасырдан астам оның тарихы бар,
Бүгінде сәулетіне ел мақтанар.
Табиғаты көрікті әр уақытта,
Ауасын жұтып көңіл рахат табар.
Бағы бар Қостанайда туғандардың,
Елі бұл не бір батыр,дарындардың.
Жер бай қойнауы кең Қостанайым,
Шабытын шамдандырған ақындардың.
Бар мұнда әсем биік ғимараттар,
Тарихи- өлкетану мұражай бар.
Сол жердің төрінде неше түрлі,
Ескінің көзін көрген экспонаттар.
Мақтауын жеткізейін қалай сөзбен,
Оданда келіп көр өзің көзбен.
Астықтың мекені алтын қырман,
Аралап танысасың өлкеміз бен.
Худайбергенова Нуркуль Умирбековна
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
білім бөлімі» ММ
«Қарлығаш» балабақшасы МКҚК