Туған өлкем-Қостанайым!
«Елім» деп атқа қонған ері,
Шегінбеген ешқашан жаудан кері.
Қостанай-ұлы мекен,ұлыларым,
Кермиық Тұңғыштардың туған жері.
Бас болған балалары ерте жастан,
Сан тарихты өткізген неше бастан.
Білсеңіз Торғайда тұңғыш рет,
Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқан.
Уақыт өте әрине тозбақ бәрі,
Тарихты қайтеміз қозғап әрі.
Білсеңіз қасиетті бұл өлкеде,
Бас қосқан Алашымның боздақтары.
Арқырап жататұғын Тобыл ағып,
Қостанай,жерің жәннат оның анық.
Астығыңмен жайқалып сен тұрасың,
Қазақстанның төрінен орын алып.
Қостанай-төбеңде күн нұрын шашқан,
Саяңда балғын бөбек гүлін ашқан.
Әлемнің бар сұлулығын жисам дағы,
Таппадым жақсы өлкені сенен асқан.
Нұрын төккен көктегі асапан,айың,
Халқың жомарт құшағын ашқан дәйім.
Жылдан жылға көркейіп гүлдене бер,
Қасиетті туған өлкем-ҚОСТАНАЙЫМ!!!!
6697 әскери бөлім.
Бөлініс бастығы (кітапхана бастығы)
кіші сержант Қымбат Шұғайып
Один комментарий
Айкын
+