Жер жанаты- Қостанай
Төгіледі қаламымнан əсем жыр,
Көз алдымда алтын дала, биік қыр.
Нулы орман, мөлдір сулы өлкеміз,
Жүрегіме ұялатар əсем жыр.
Қостанай астықты өлке, орманды,
Қанша тағдыр бір өзіңде жалғанды.
Мөп- мөлдір, тұнық сулы Тобылымда жетелегенде арманды .
Сарыарқаға шырай берген Қостанай,
Құшағыңды еркін сермеп кеңге жай.
Теңестірді Чикагоға өзінді,
Жер қойнауын қазбаларға өте бай.
Жарқыраған аппақ таза əк тасы,
Темір руда Қостанайдың жақұты.
Алтын менен күміске көмкерілген,
Қостанай халқының міне бақыты.
Татулығы өзгелермен жарасқан,
Көп ұлттың мекеніне жол ашқан.
Қостанайым байлықты өлке, бай өлке,
Жаса «Мəңгі қала» боп бір дастан.
«Толқын» шығармашылық студиясының мүшесі — Қабжанов Ерлан
5 Comments
Орынкүл
Жарайсың! Сəттiоiк
Ботакөз апай
Ерлан Толқын студиясының атынан өзіңе сəттілік тілеймін. Жазарың көп болсын.
Ерназар
Шап Ереке… Тобылды жырына қосқан екенсін тула енді бауырым! Тек сəттілік серік болсын!
Сунгат
Молодец
Жаннат
Өлеңмен өңірін жырға қосқан ақын бауырымызға сәттілік!!!