Киелі топырағыңда-жөргегімде,
Есімде қаз-қаз басып жүргенімде.
Қостанай –тұмар болып тағылып ең,
Жүрегімде, ғажап бір гүл егуде.
Алаңсыз шалқып өстім құшағыңда,
Арманның қанатымен ұшамын да,
Жез жүзін шарлап кетсем дағы,
Бәрібір мен жетемін бір сағына.
Қостанай қызыл-жасыл құлпырады,
Тобылдың айдынына нұр тұнады.
Аруын көрген кезде бозбалаңыз,
Абдырап тағат таппай ынтығады.
Саумал самал аймалап, аңқылдайды,
Қыран қалқып төбемде саңқылдайды.
Қостанайдың елітіп қызығына,
Қаздар да мамырлай кеп қаңқылдайды
Сен менің бойдағы ыстық қанымдайсың,
Сен менің жүйке-жұлын жанымдайсың.
Қостанай — алтын бесік ардақтаған,
Сен маған асыл тасым-лағылдайсың!
Қостанай- арқа жұрттың тірегісің,
Сен оны шын сезініп білемісің?!
Алаштың перзенттері жүріп өткен,
Сен бүгін -арыстардың жүрегісің!
Өткен күндер айналса да елеске,
Жарқын сәттер ұмтылмайды, көбі есте.
Құтты болсын,Қостанайым,жас қалам.
Бүгін сенің туған күнің емес пе?!
8 Comments
Алина
Жарайсын! Адеми олен. Улкен жетистиктерге жете бер. Аумин.
Жұлдыз
Әумин! рахмет.
Петр
Удачно!
Жұлдыз
спасибо!
Данияр
Әдемі өлең екен!
Джамиля
+1
Aslan
Тек алға
Рустем
Жарайсын Жулдыз, тек алга