Мақпал түн, көк күмбездің ортасында — ай,
Жарқырап жұлдыз біткен мәр тасындай.
Қостанай жатыр әне нұрын шашып,
Арқаның інжу-маржан алқасындай.
Тобылым сылдыр қағып, сырласқандай,
Сырласқадай жүрекпен мұңдасқандай.
Жағасында Қостанай — қалы кілем,
Жарқырап айы туған түнгі аспандай!
Жұлдыздай жарқыраған көгімдегі,
Қаласындай жұмақтың төріндегі.
Қостанай — кіндік кескен құт мекенім
Көркіңе көз тоймайтын елімдегі!
Сыр пернесін жүректің анық басқан,
Көк дөнен қиялымды алып қашқан.
Қостанай — ару қалам, арман қалам,
Мен сені жырлай берем жалықпастан!
8 Comments
Умбетова Гульнур
Тамаша Жұлдыз.Шығармашылық табыс тілеймін.
Жұлдыз
Әумин! Ниетіңізге рахмет!
Рамазан
Класс!
Жұлдыз
Рахмет!
Алина
Кушти!
Жұлдыз
рахмет
Петр
Здорово!
Жұлдыз
спасибо